361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әйгілі режиссер Эмир Кустурица «Еуразия» фестиваліне қатысу үшін елордаға келді

  • 197

Әлемге танымал кинорежиссер Эмир Кустурица Шыңғыс Айтматовтың шығармасына кино түсіруге ниетті.

«Еуразия» халықаралық кинофестиваліне арнайы келген актер баспасөз өкілдерімен кездесіп, көпшілікті қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Оның айтуынша, егер отандық кино индустрия мамандарынан қызықты ұсыныс түссе, қуана келіседі. Бастысы, жобаның тәрбиелік мәні және терең ойы болуы тиіс. Себебі қазіргі кинолардың 90 пайызының сапасы төмен екен. Бұдан бөлек жиын барысында Астанаға алғаш рет келген режиссер ел тұрғындарын бас шаһарымыздың туған күнімен құттықтады.

Эмир Кустурица, кинорежиссер:

- Мен Астанаға келгеніме өте қуаныштымын. Өз көзіммен көрмесем бар болғаны 20 жылдың ішінде осындай көрікті қаланың бой көтеруі мүмкін емес дер едім. Кеше ұшып келгеннен кейін қала көшелерін, тұрғындарды көріп ерекше әсерге бөлендім. Мерейтойларыңызбен құттықтаймын, алдағы уақытта да ерекше жобалармен әлем жұртшылығын таңқалдыра беріңіздер.

Хабар 24 телеарнасы