359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада «Астана» ХҚО-ның ашылуына орай көрме ұйымдастырылды

  • 181

Астанадағы ұлттық музейде «Қазақ рухы» атты көрменің ашылу салтанаты өтті.

Атына заты сай суреттердің топтамасын көпшіліктің назарына ұсыну идеясы британдық кәсіпкер әрі коллекция жинаушы Гевин Кречмардікі. Қазақ халқының тарихи және мәдени рухы бейнеленген мұндағы барлық 12 картинаның авторы – Тимур Дайырбаев. Бұл жерде Томирис, Керей, Жәнібек, Абылай мен Қасым хандардың және Алтын Орда тұсындағы соғыстардың суреттерін көруге болады. Сонымен бірге суретшінің еңбектерінде қыз ұзату, көкпар, тұсаукесер сынды ұлттық ойындарымыз бен салт-дәстүрлеріміз паш етілген. Бұл көрме «Астана» халықаралық қаржы орталығының ашылуына орайластырылған.

Қайрат Келімбетов, «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы:

– Бізге келетін әріптестер тек қаржы мәселелерін ғана емес, сондай-ақ саяси, мәдени мәселелерді қозғау үшін, Астананы толық танып білуі үшін ұйымдастырылған көрме.

Хабар 24 телеарнасы