359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Burabay Summer Fest байқауының гала-концерті өтті

  • 287

Елордамыздың 20 жылдығына орай 15 маусым күні басталған "I Халықаралық жасөспірім таланттар фестивалі" өз мәресіне жетті.

Осылайша Астанананың төрінде Burabaу summer fest байқауының гала-концерті өтті. Фестивальді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырды. Байқауға елімізден және шет елдерден 400-ге жуық бала қатысты. Олардың жас ерекшелігі 10-16 жасты құрайды. Жасөспірім қатысушылар 4 номинация бойынша бақ сынасты. Одан бөлек, 2 жұмаға созылған шара аясында танымал өнер қайраткерлерінің шеберлік сабақтары мен экскурсиялары, басқа да ойын-сауық және танымдық іс-шаралар ұйымдастырылды. Қазылар алқасының шешіміне сәйкес бас жүлдені «Академиялық ән» номинациясы бойынша Ақтөбе облысынан келген Жүсіп Аңсар иеленді. Жеңімпазға «UNIVERSAL STUDIOS HOLLYWOOD» атақты киностудиясын тамашалау мақсатында Лос-Анджелеске жолдама табысталды. 

Сәбит Барлыбаев, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің басқарма басшысы:

- Биылғы жылы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Астана қаласының 20 жылдығы аясында, мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен осындай  халықаралық Бурабай фест атты жасөспірім таланттардың фестивалі өткізіліп отыр. Фестивальдің мақсаты - еліміздің түкпір-түкпірінен талантты жөсөспірімдерді жинап, дарынды балаларды анықтау.

Хабар 24 телеарнасы