359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық ансамбль Әзербайжанда өнер көрсетті

  • 162

Қазақстандық «Мұрагер» ансамблі Әзербайжанның Шеки қаласында өткен «Жібек жолы» халықаралық музыкалық фестивалінде концерттік бағдарламамен өнер көрсетті.

Атырау облыстық филармониясының құрамындағы ұжым қазақ тілінде ән айтып, ұлттық нақыштағы композиция ұсынумен қатар Әзербайжан ансамблімен бірге басқа түркітілдес елдердің музыканттарын сүйемелдеді. Жыл сайын өтетін Жібек жолы фестивалі биыл ТҮРКСОЙ-дың 25 жылдығына арналды.

Дүйсен Қасеинов, ТҮРКСОЙ бас хатшысы:

- Біз барлығымыз бірге ТҮРКСОЙ-дың 25 жылдығын тойлап жатырмыз. Фестивальді Әзербайжанның халық музыкалық аспаптар ансамблі мен «Мұрагер» ансамблі жүргізіп, Өзбекстан, Башқұртстан, Түркияның музыканттары өнер көрсетті. Жыл соңына дейін біз әртүрлі мемлекеттерде ТҮРКСОЙ-дың мерейтойына арналған түрлі мәдени шаралар өткізуді көздеп отырмыз.

Фирангиз Ализаде, Әзербайжан композиторлар одағының төрайымы:

- Фестивальде өнерпаздардың барлығы өзінің ұлттық киімін киіп, фольклорлық музыкалық аспаптарымен өнер көрсеткеніне риза болдым. Біз ауқымды географиялық аумақты алып жатқан халықтардың ұлттық мәдениетін көрдік. Фестиваль өте керемет өтті.

Хабар 24 телеарнасы