352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада ерекше театрлардың І халықаралық фестивалі басталды

  • 146
Астанада ерекше театрлардың І халықаралық фестивалі басталды

«Wide World – Ұлы Дүние» атауымен тұңғыш рет өтіп отырған мәдени шараға есту, сөйлеу қабілеті шектелген өнер адамдары қатысып жатыр.

Бас қалада бастау алған фестивальде ресейлік «Недослов», «Санкт-Петербург», украиналық «Радуга», астаналық «Актив Лайф» театрларының ұжымы 3 күн бойы түрлі қойылымдарды сахналайды. Ерекшелігі, спектакльдердің барлығында мүмкіндігі шектеулі жандар ойнамақ. Көріністер алдын ала жазылған дауыспен қатар ым-ишарат арқылы қойылады. Ерекше театрлардың алғашқы фестивалі шілденің 6-сы күні аяқталып, сол кезде үздік өнер ұжымдары марапатталатын болады.

Хабар 24 телеарнасы