352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанаға 20 жыл: Ұлы тұлғалардың жеке заттары көпшілік назарына ұсынылды

  • 183

Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің бойтұмары, Жүсіпбек Аймауытовтың кілемі, Жаяу Мұсаның қобызы мен Әлкей Марғұланның қолжазбалары алғаш рет Астанадағы Қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығында көпшіліктің назарына ұсынылды.

«Астана – алаш арманы» атты көрмеге бұл жәдігерлер Павлодардағы Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінен әкелінді. Елорданың 20-жылдық мерейтойына орайластырылған шарада Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 1933 жылы шыққан толық шығармалар жинағын, Иса Байзақовтың шапаны мен тұтынған заттарын, Шәкен Аймановтың Алдар көсе» фильмінде киген бөрігін, сондай-ақ араб графикасында, латын қарпінде басылған сирек кітаптарды көруге болады.

Хабар 24 телеарнасы