352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үрмелі аспаптар оркестрлері елорданы әуенге бөледі

  • 174

Елордада «Астана самалы» халықаралық фестивалінің қатысуышалырмен мерекелік шеру өтті.

Үрмелі аспаптар оркестрлері республика даңғылы бойында саппен жүріп өтіп салтанатты әскери марштар орындады. Мәдени шараға 250 адам қатысты. Олардың арасында Қазақстанның ғана емес, Ресей елінің Барнауыл, Екатеринбург қалаларының өнерпаздары да болды. Осылайша шығармашалық ұжымдары көшені әуенді әуезге бөлеп жол жөнекей кетіп бара жатқан тұрғындарды бір серпілтіп тастады. Сонымен қатар үрлемелі аспаптар оркестрлері Астана күніне арнап қалалық алаңда гала-концерт ұйымдастырады. 

Талғат Алданов, әскери оркестр сазгері:

- Әскери қызметкерлер ғана емес, әр түрлі саланың қызметкерлері келіп отыр жан - жақтан байқасаңыз. Бір жағы жаңағы, өзіміздің өнерімізді паш ету, көрсету. Биыл мына Астананың 20 жылдығына арнайы «Астана кернейі» атты шығармамызды тарту етіп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы