356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыдағы музейде «Астана – Еуразия жүрегі» көрмесі ұйымдастырылды

  • 204
Алматыдағы музейде «Астана – Еуразия жүрегі» көрмесі ұйымдастырылды

Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы еліміздің барлық аймағында кең көлемде аталып өтуде.

Бас қаламыздың құрметіне орай Алматының Орталық музейінде «Астана-Еуразия жүрегі» атты үлкен көрме ұйымдастырылды. Бұл көрменің экспозициясына кәсіби суретшілер мен мүсіншілердің жұмыстары, сонымен қатар балалар шығармашылығын дамыту орталығы және бейнелеу өнері студиясы  жас таланттарының  төл тумалары шығарылды.  Елордамыздың көне тарихы  және бүгіні мен болашағы бейнеленген картинкалар Кімді де болса бейжай қалдырмағаны анық. Көркем өнер мектептері мен бейнелеу өнері студиялары тәлімгерлерінің түрлі техника, мен жанрдағы авторлық жұмыстары да осынау шараның сәнін кіргізді. Көрменің салтанатты ашылуында жас өнерпаздардың әуезді әндері шырқалып, мың бұралған бишілерде көрмеге келушілердің қошаметіне бөленді. Көрме аясында  кәсіби суретшілер мен қыш жұмыстарының шеберлері және зергерлік өнердің майталмандары жас өнерпаздарға шеберлік сабақтарын өткізіп, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Бейбітқали Қақабаев, Орталық музей директорының орынбасары:

- Бүгінгі көрменің екі тәлімдік мақсаты. Біріншіден, Астанамыз. Отанымызды сүю. Отанымыздың негізгі діңгегі Астанамыздың санасында қалыптасып қалу үшін осындай нәрсені өткізіп отырмыз. Екіншіден, жас суретшілерге үлкен ағаларының апаларының суретін көрсетіп, «мінеки осындай шебер боласыңдар» деген сияқты тәлімдік сыры деп ойлаймыз.

Хабар 24 телеарнасы