369.36 436.00 5.46

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жас өрендер сайысқан «Шаттық» фестивалі аяқталды

  • 171
Жас өрендер сайысқан «Шаттық» фестивалі аяқталды

12 елдің өнерлі жас өрендерінің басын қосқан балалар шығармашылығының «Шаттық» фестивалі аяқталды.

Халықаралық дәрежедегі байқауға биыл 600-ден астам ұл-қыз қатысып, жұртшылықты таң қалдырды. Фестивальдің үш бас жүлдесінің екеуі қазақстандық өнерпаздарға бұйырды. «Үздік хореография» номинациясы бойынша жүлдені Петропавл қаласының намысын қорғаған топ еншіледі. Ал «Үздік вокал» номинациясында қостанайлық оқушыға тең келер дарынды жас табылмады. «Халықтық орындау» аталымы бойынша өзбекстандық қатысушы үздік болды. Айта кетейік, қатарластарына дес бермеген әншілер мен бишілер шетелдік шығармашылық бәйгелерге жолдама алып, еліміздің намысын қорғамақ. Жас жұлдыздар Испания, Сербия, Болгария және Чехияда өтетін байқауларға аттанады. Тағы бір жаңалық, «Шаттық» додасында жарқ еткен балалар «Славян базары» халықаралық байқауына іріктелді. Қазақ елінің мәдениетін паш ететіндердің қатарында жеті жасар Әбілқайыр Жұмабай мен Ернар Садырбаев сынды өрендер бар. 

Қарлығаш Әбдікәрімова, фестиваль ұйымдастырушысы:

- Олардан да Роза шығады, олардан да Бибігүл шығады. Олардан да Әлібек Дінішев шығады ден сондайда күтеміз. Димаштың өзі де осындай кішкентай балалардан шығып отыр ғой қазіргі, міне. Сондықтан да осы балалардың ішінен көптеген, көптеген таланттар шығатынына мен өте сенемін. Себебі олар бүгін өзінің өнерін халыққа көрсетіп жатыр. Әрбір қазақстанның түкпірінен, ауылдан келген балалар бар.

Хабар 24 телеарнасы