361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада «Кеш жарық, Астана» концерті өтеді

  • 295

Елорда күніне арналған мерекелік шаралар әлі толастар емес. Солардың бірі «Кеш жарық, Астана» концерті.

Онда қазақстандық және шетелдік өнерпаздар ашық аспан астындағы сахнада өз өнерлерін паш етеді деп күтілуде.

Нұршапағат Несіпбаев, тілші:

- Санаулы уақыттан кейін Есілдің жағалауында, Астананың ең әдемі ғимараттарының бірі амфитеатр саxнасында кезекті мерекелік шара басталады. Қазір соңғы дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Бүгін «Қайырлы кеш, Астана» деп аталатын мерекелік концерттің соңғы, үшінші күні. Әдеттегідей қазақ эстрадасының жұлдыздары ашық аспан астында ән салады деп күтіліп отыр. Осыған дейін екі күн бойы олар астаналықтарға мерекелік көңіл-күй сыйлаған болатын.

- Бүгінгі күннің ерекшелігі неде? Ұйымдастырушылар қонақтарға қандай тосын сый әзірлеп отыр?  

- Қазір алғашқылардың бірі болып венгриялық «Куражи» би ансамблі өз өнерлерін паш етпек. Негізі сонау 1994 жылы қаланған топ күллі Еропаға таныс. Көптеген xалықаралық байқаулардың жүлдегері алдағы 1 сағаттың көлемінде көпшілікке керемет қойылым ұсынады деп жоспарланып отыр. Ал олардың көрінісі концертке ұласады. Нұржан Керменбаев, Ғаділбек Жаңай, Маржан Арапбаева секілді қазақ эстрадасының әншілері астана аспанын әнмен көмкермек.

Хабар 24 телеарнасы