356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әміре «Славян базары» байқауында жеңіске жетті

  • 602
Әміре «Славян базары» байқауында жеңіске жетті SN.kz

Халықаралық «Славян базары» байқауында Әміре деген лақап атпен өнер көрсеткен отандасымыз Ернар Садырбаев бірінші орынды иеленді.

Байқаудың нәтижесі бойынша әнші 156 балл жинады. Румынияның намысын қорғаған өнерпаз да осындай балды еншілеген. Алайда әділ қазылар алқасының төрағасы Александр Морозовтың шешімімен Гран-при Румынияға берілді. Бірінші орын – Қазақстанға, екінші орын Украинаға бұйырса, ал үшінші орынға Польша мен Беларусь елдерінен келген әншілер жайғасты.

Естеріңізге сала кетейік, балалар «Славян базары» байқауында Қазақстан атынан қатысқан 7 жастағы Әбілқайыр Жұмабай үздік үштіктен көрініп, жүлделі орынға ие болды.

Хабар 24 телеарнасы