352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өзбекстан мұрағатына жол ашылмақ

  • 341

Қазақстан мен Өзбекстан мұрағатшылары бірігіп ортақ «Жол картасын» жасамақ.

Басты құжат аясында арнайы жұмыс тобы да құрылады. Бұл туралы елші Ерік Өтембаев көрші мемлекеттің бас мұрағатшысымен кездесуінде мәлімдеді. Басқосуда екі елдің  ғалымдары мен тарихшылары тізе қосып, жазба деректерді жинау арқылы Орталық Азияның ортақ тарихын жазу мәселесі қозғалды. Мұрағат басшысының айтуынша, орталықта 8-ғасырда жазылған жалпы ұзындығы 30 метрден асатын қолжазба сақтаулы тұр. Демек құжатта сан ғасырлар бойы бауырлас елдердің тарихын дәлелдейтін талай тың деректің бар болғаны. Кездесуде мұрағат саласын цифрландыру, ондағы құжаттарды бүлдіріп алмай кезең-кезеңімен цифрландыру мәселесі де айтылды.

Умиджон Аъаламалов, Өзбекстан Республикасы Мұрағат агенттігінің бас директоры:

- Бүгін біз меморандум жобасын әзірлеу туралы шешім қабылдадық. Екі елдің мұрағаттары арасында ортақ келісімге келмекпіз. Онда тек жалпы тарихты зерттеп қана қоймай, өзара ынтымақтастық байланысын жандандыруды көздеп отырмыз. 

Ерік Өтембаев, Қазақстанның Өзбекстандағы төтенше және өкілетті елшісі:  

- Ең бірінші мәселе – ол екі елдің арасында үлкен бір топ құру. Сол академия және мұрағат мамандары бірге жұмыс жасап, бірге «Жол картасын» жасау. Себебі мұндай ынтымақтастық үлкен серпін береді. Себебі қазір Қазақстан мен Өзбекстан дамуы өте маңызды болып тұр.

Хабар 24 телеарнасы