363.61 436.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астана Операда заманауи хореография кеші өтеді

  • 136
Астана Операда заманауи хореография кеші өтеді

Демалыс күндері Астана Операда заманауи хореография кеші өтеді.

Бірегей кеш екі бөлімнен тұрады. Алдымен әлемге әйгілі балетмейстер германиялық Раймондо Ребектің «Қазіргі сәт қанша уақытқа созылады?» атты өнер туындысы көрермен назарына ұсынылады. Дарынды хореограф уақыт ағымы мен оны сезіне білуді хореографиялық әдістер арқылы көрсетеді. Ал одан кейін Ксения Звереваның «Заман тынысы» бір бөлімді балеті қойылады. Балеттің негізінде қос ғашықтың махаббат оқиғасы суреттеледі. Сондай-ақ спектакль қазіргі заманғы өмірді, оның өзекті мәселелері мен адамдардың өзара қарым-қатынасын, қоғамдағы түрлі әлеуметтік топтар мен олардың құндылықтарын бейнелейді.

Алтынай Асылмұратова, «Астана Опера» балет труппасының көркемдік жетекшісі:

– Театр маусымының соңғы тұсаукесері ерекше болмақ. Бұл екі балет осыған дейін еш жерде қойылмаған, «Астана Опера» труппасына арнайы жасалған. Біз осы қойылымдарға бар күш-жігерімізді, шеберлігімізді барынша салдық. Енді көрермен қауымға ұнайды деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы