356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде халықаралық авторлық әндер фестивалі өтуде

  • 125
Ақтөбеде халықаралық авторлық әндер фестивалі өтуде

Ақтөбе қаласында халықаралық авторлық әндер фестивалі өтіп жатыр.

Сазды су қоймасы маңында ұйымдастырылған дәстүрлі шараға бес мемлекеттен 1 жарым мыңға жуық бард әндердің авторлары мен орындаушылары жиналды. Биылғы басқосу Астананың 20 жылдығы мен аталмыш өнерпаздар бірлестігінің 15 жылдығына арналды. Мәдени іс-шараның басты мақсаты – жастарды музыкаға тартып, алыс-жақын шетелдің әнші-ақындары арасындағы шығармашылық байланысты бекемдеу. Гитараның әуені Ақтөбе аспанында 3 күн бойы қалықтайды.

Дәметкен Жалғасова, қалалық мәдениет үйінің директоры:

– Фестивальдің ауқымы жылдан жылға ұлғайып келеді. Қатысушылар Ресейдің 15-20-ға жуық қаласынан келіп жатыр. Бұл фестиваль таң атқаннан түнге дейін жалғасады. Шараның ерекшелігі, кішкентай баладан ересектерге дейін бағдарлама қарастырылған.

Хабар 24 телеарнасы