356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда Алтайдың тұмса табиғатына арналған фотокөрме өтіп жатыр

  • 191

Ертіс жұртшылығы тұмса табиғатымен әлемге әйгілі Алтай тауларында түсірілген фотосурет көрмесін тамашалап жатыр.

Экспозицияда бірнеше мемлекетке ортақ таулы өлкенің адам аяғы баспаған ерекше сұлу орындары  көрініс тапқан. Көрермен назарына ұсынылған 70 фотосуреттің авторы - Павлодардың тумасы, бүгінде Новосибирск қаласында тұрып жатқан Вячеслав Семакин. Әуесқой фотограф Алтай тауларына саяхат жасап, өзен-көлдерін, тау сілемдерін, қар басқан шың-құздарын суретке түсірген. Көркем табиғат, қылқан жапырақты ормандар, табиғи ескерткіштер, өсімдіктер мен жануарлар әлемі ерекше көз тартады. Көрмені тамашалап келгендерді ерекше әсерге бөлейді. Павлодарлықтар сурет көрмесін 5 тамызға дейін тамашалай алады.

Наталья Наумова, қала тұрғыны:

- Мұндай  сұлулықты көзбен көре білу керек деп ойлаймын. Маған әсіресе тастың үстіндегі гүл қатты ұнады. Алған әсерімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын.

Вячеслав Семакин, фотограф:

- Мен Алтайдағы Белуха тауына бардым. Ол энергетикалық қуаты өте жоғары орын. Қазақстанға жақын орналасқан. 20 шақырым жерде Риддер қаласы тұр. Алайда таудың арғы бетіне өту мүмкін емес. Ол үшін Барнауыл қаласын айналып өту керек. Ол дегеніңіз 1000 шақырымдық жол.

Хабар 24 телеарнасы