352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанайда «Ежелгі Тараз қазыналары» атты көрме ашылды

  • 202
Қостанайда «Ежелгі Тараз қазыналары» атты көрме ашылды

Жамбыл облысының тарихи жәдігерлерін қостанайлықтар да тамашалай алады. Қостанайда «Ежелгі Тараз қазыналары» атты көшпелі көрме ашылды.

Рухани жаңғыру аясында ұйымдастырған шараның басты мақсаты – еліміздің тереңнен бастау алатын бай тарихымен таныстыру. Екі мың жылдық шежіресі бар көне шаһардың қойнауынан табылған археологиялық олжалардың қай-қайсысы да құнды. Көрермендер назарына Ежелгі Тараз ескерткіштері тарихи-қорық музейінен іректеліп алынған 250-ге тарта жәдігер ұсынылған. Олардың ішінде қыш, қоладан бастап, алтын, күміс, мыстан жасалған бұйымдар да бар. Көне дәуір мұраларын топтастырған көшпелі көрме. Қостанайда төрт күн бойы көрсетілмек.

Ақжан Оразбақова, тарихи-қорық музей қызметкері:

- Көрмеміздегі ең құнды жәдігерлердің бірі зергерлік көмбе болып табылып отыр. Мұның ерекшелігі бір кішкентай құмыраның ішінде 92 әйелге арналған әшекей бұйымдары.  Оған ішіне кіретін алтыннан жасалған сырға, әшекей бұйымдар. Жасау әдістері өте ерекше болған. Cонымен қатар нумизматика, тиын бұйымдар. Одан X-XII ғасырларды көре аласың.

Хабар 24 телеарнасы