353.64 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астаналық бишілер Болгариядан жеңіспен оралды

  • 233
Астаналық бишілер Болгариядан жеңіспен оралды

Елордалық «Номад» би ансамблі халықаралық байқауда жеңіске жетті.

Болгарияда өткен додада еліміздің намысын қорғаған жеңімпаздар бүгін Астанаға оралды. Мың бұралған бишілер алдымен республикалық жарыста бақ сынаған. Осылайша оқ бойы озып шыққан 40-тан астам қатысушы халықаралық деңгейдегі сайысқа жолдама алды. Қатысушылар екі апта бойы «Обзор қаласының раушандары» атты додаға қатысып, өздерінің шеберлігін ортаға салды. Сондай-ақ өзге елдерден келген командалармен тәжірибе алмасып, біліктіліктерін шыңдаған.

Айнагүл Нұрғазина, «Номад» би ансамблінің жетекшісі:

- Біз әлем халық билерін орындадық. Қытай, Мексика, қазақ билерін көрсеттік. Оның ішінде жаңа билеріміз – «Үйдің еркесі», «Балбырауын», «Қаражорға». Ресейдің хореографиясы, командалары өте мықты. Бізге қиын болды. Бірақ біз үйге бірінші дәрежені алып келе жатырмыз.

Аружан Мәжит, «Номад» би ансамблінің бишісі:

- Мен осы «Номад» би ансамбліне бір жыл қатысып келемін. Болгарияға бірінші рет ұшып келдім. Біз Болгария, басқа мемлекеттерге Қазақстанның өнерін, дәстүрлерін, билерін көрсеткенімізге өте қуаныштымыз.

Хабар 24 телеарнасы