356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Хабар» Агенттігі мен КBS ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

  • 395

«Хабар» халықаралық ынтымақтастыққа ерекше мән беріп келеді.

Жуырда Агенттік төрағасы Алан Әжібаев Сеулде КBS телерадиокопорациясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. 12 телеарна мен 7 радиостанциядан тұратын кореялық Агенттікте 5 мыңнан астам маман қызмет атқарады. «Хабар» және КBS арасындағы стратегиялық әріптестік осыдан 4 жыл бұрын Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерінің хабар тарату одағы шеңберінде басталған болатын. Екеуара құжатқа қол қойылғалы жан-жақты байланыс та нығая түсті. Осылайша Алан Әжібаев өзінің оңтүстіккореялық әріптесі Ян Сын Донмен контент бөлісу, «Хабар» Агенттігінің телеөнімдерін Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне ұсыну, сондай-ақ ортақ өндіріс пен тәжірибе алмасу туралы әңгімелесті.

Динара Абақаева, «Хабар» Агенттігі» АҚ дамыту және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің жетекшісі:

- «Хабар» агенттігі Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерінің хабар тарату одағына толыққанды мүшелік етеді. Сонымен қатар әкімшілік кеңесінің құрамына да кіреді. Меморандум Қазақстан мен Оңтүстік Корея телеарналары арасындағы байланысты нығайтады. Мұндағы біздің көздегеніміз – отандық контентті Оңтүстік-Шығыс Азия елдері телекөрермендерінің назарына ұсыну.

Хабар 24 телеарнасы