352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ABBA тобының әндері шырқалған «Mamma Mia! 2» фильмі Алматыда көрсетілді

  • 229

Әлемге танымал АББА тобының әндеріне негізделген ең үздік киномюзикл «Мама мия» араға он жыл салып көрерменімен қайта қауышты.

Kinopark 11 IMAX Esentai кинотеатрында өткен мюзиклдің екінші бөлімінің тұсаукесері тосынсыймен басталды.

Сүйікті фильмінің екінші бөлімін тамашалауға келген көрермен назарына еліміздегі тәуелсіз театр труппасының актерлары ерекше шоу ұсынды. Жас өнерпаздар АББА-ның әндерін орындау арқылы «Мама мияның» бірінші бөліміне саяхат жасап, көңіл түкпірінде сақталған көріністерді қайта еске түсірді.  

Мирас Исаев, актер:

- Мынандай мюзиклді ескі АВВА-ның стиілінде айту бізге басында әрине қорқынышты болды. Оңай болған жоқ. Біраз ойланып, біраз қиналып, әйтеуір бірақ қолдан келеді екен. Әртүрлі стильде жаңа тәсілдермен спектакльдер қойып жатырмыз. 001306 біздің күткенімізден де күшті шыққан сияқты. Енді әрине көрермен өзінің бағасын берер.

Киномюзиклдің екінші бөлімінде көрерменге жақсы таныс кейіпкерлердің өткені мен бүгіні қызықты сюжетпен өрілген. Бірінші бөлімде Мэрил Стрип актерлер құрамын бастаса, жаңа лента оның қызы Софидің махаббат оқиғасын баяндайды.  

Шыңғыс Капин, актер:

- Әрине өте қызық, бірден баурап алатын фильм. Бұл премьераны бәріміз күттік. Esentai 11 IMAX кинотеатрының арқасында алматылық көрермендер фильмді өте жоғары сапада тамашалай алды. Жарқын болашаққа жетелейтін, үміт сыйлайтын картинаны көруге шақырамын.   

2008 жылы экранға шыққан фильмнің бірінші бөлімі әлемдік прокаттан 600 миллион доллар табыс тапқан. Алғашқы көрсетілімнен шыққан көрермендердің көңіл күйінен екінші бөлімнің де сәтті шыққанын аңғаруға болады.

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Валентин Лобанов

Хабар 24 телеарнасы