369.36 436.00 5.46

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада Тайвань аралы суретшілерінің көрмесі ашылды

  • 169
Елордада Тайвань аралы суретшілерінің көрмесі ашылды

Елордадағы Ұлттық музейде «Шығыс күнтізбесі» атты Тайвань суретшілерінің  көрмесі ашылды.

Көрермендер назарына  83 графикалық туынды ұсынылып отыр.  Картиналар Тайваньның Ұлттық музейі өткізген байқау бойынша таңдап алынған. Оған ксилография, литография, жібек және сандық баспамен жұмыс істейтін қылқалам шеберлері қатысқан. Көрме аяқталған соң тайваньдық суретшілердің бірнеше туындысы Астанадағы Ұлттық музейдің қорына табысталады. Шара Мәскеудегі Тайбэй-Мәскеу экономикалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі комиссиясы өкілдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Николос Сюй, Тайбэй-Мәскеу үйлестіру комиссиясы өкілдігі мәдениет бөлімінің директоры:  

- Қазақстанда Тайвань суретшілерінің көрмесі алғаш рет өтіп жатыр. Ерекшелігі мұнда тек графикалық үлгіде салынған шығармалар қойылған.Зер салып қарасаңыздар әр туынды аса ыждағаттылықпен, дәлдікпен салынған. Суретшілер картиналарына байлық, табыс, молшылыққа қатысты атаулар берген. 

Андрей Мартынов, көрме үйлестірушісі:

- Бұл көрмеде комбинациялық техниканы қолдану арқылы салынған жұмыстарды көруге болады. Дәстүлі және цифрлық технология үрдістері де көрініс тапқан. Біз бұған дейін Ресейдің бірнеше қаласында көрме ұйымдастырдық. Сіздердің Ұлттық музейлеріңіздің сәулеті өте керемет. Көрменің дәл осында өтіп жатқанына қуаныштымыз.

Хабар 24 телеарнасы