359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда қолөнершілер көрмесі ашылды

  • 117
Оралда қолөнершілер көрмесі ашылды

Оралда шаһар күні мерекесі қарсаңында «Орал – шеберлер қаласы» атты көрме-жәрмеңке ашылды.

Жергілікті жұртшылық енді бір апта бойы қолөнер шеберлерінің туындыларын Дина Нұрпейісова көшесінің бойынан тамашалай алады. Ақ отаулардың сырты бірдей болғанымен іші әртүрлі. Бірінде зергерлік бұйымдар көздің жауын алса, енді біріне ағаштан ойылған ыдыс-аяқтар қойылған. Түрлі ою-әшекеймен өрнектелген киім-кешек пен көрпе-төсек те тұрғындар тарапынан жоғары бағаға ие. Осы жерде суретшілер де өз өнерлерін ортаға салды. Әсіресе ұлттық нақыштағы сәндік бұйымдарға елдің ықыласы ерекше.

Меңдібек Нұрғалиев, шебер:

- Мына бас киімді алатын болсақ, нағыз қыз ұзатуға арналған тарихи дәстүрмен тігілген сәукеле. Мына сәукелені алатын болсақ бүгінгі билерге арналған. Сұраныс көп. Себебі дәстүрлі шаралар көп, бүгінгі таңда қыз ұзату бар, шілдехана, бесік тойы. Сондай әртүрлі шараларға ұлттық киімдер алады.

Сәлімгерей Сүндетбаев, қала тұрғыны:

- Жақсы бәрі. Зергерлер, неше түрлі төсеніштер, бәрі қолдан жасалған жақсы. Халықтың сұранысы бар. Бәрі де көріп жатыр, қарап жатыр. Қызығып кетіп бара жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы