359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақ мемлекеттік опера және балет театры Грузияда өнер көрсетті

  • 153

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының ұжымы Грузияда өнер көрсетті.

Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің Абай операсы жергілікті өнер сүйер қауымын тәнті етті. Бұл шығарма Грузияда алғаш рет қойылып отыр. Басты кейіпкердің әнін танымал опера әншісі Зарина Алтынбаева орындады. Екі сағатқа созылған операны отандық театрдың өнерпаздары жоғары деңгейде орындап шығып, көрерменнің зор ықыласына бөленді.

Зарина Алтынбаева, Абай атындағы опера театрының әншісі: 

- Арияны орындау үшін бір күйден екінші күйге ену керек болды. Басында басты кейіпкер Ажар мен оның сүйіктісі Айдар екеуі қашып жүреді. Содан кейін қос ғашық үйленіп, ұлан-асыр той жасайды. Соңында Айдар біреудің қолынан қаза тауып, Ажар жалғыз қалады. Эмоция көп құбылатын қойылым болды.  

Лела Григолия, көрермен: 

- Бізге қатты ұнады. Дауыстары өте керемет. Қойылым да, костюмдер де тәнті етті. Ең бастысы, оқиға желісі өте түсінікті болды.

Хабар 24 телеарнасы