359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Qazaqtaný жобасы Сыр өңірінде жалғасты

  • 121
Qazaqtaný жобасы Сыр өңірінде жалғасты

«Қазақтану» жобасы шеңберіндегі іс-шаралар легі Сыр өңірінде жалғасын тапты.

Оның аясында еліміздің салт-дәстүрі, рухани құндылықтары, мәдениеті мен әдебиетінен сыр шертетін түрлі көрмелер мен танымдық сабақтар өткізу жоспарланған. Ауқымды шараның шымылдығы пленарлық отырыста түрілді. Басқосуға қатысушылар қазақ халқының тарихын, гуманитарлық және адамгершілік принциптерін дәріптеу тұрғысындағы тың ойларын ортаға салды. Сондай-ақ 3 күнге белгіленген бағдарлама аясында лекторлар облыс орталығында, Шиелі, Тереңөзек, Жосалы кенті және Байқоңыр қаласындағы оқу орындары мен мекемелерде дәріс оқиды деп жоспарланған.

Леонид Прокопенко, ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі:

– Қазақ әлемі – өте тартымды дүние. Тарихы, философиясы, мәдениеті бай әлем. Және бұл құндылықтар Қазақстанның әр тұрғынының бойынан табылуы керек. Сондықтан біз барлық Қазақстан этностарына арнап «Қазақтану» жобасын іске асыра бастадық. Басты мақсат – ортақ құндылықтарды, жалпыұлттық тарихи сананы қалыптастыру.

Хабар 24 телеарнасы