352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада «Аstana art show» заманауи өнер фестивалі басталады

  • 75

Елордада «Аstana art show» заманауи өнер фестивалі басталады.

Халықаралық шараның басты ерекшелігі – «Метамарфоз» көрмесі. Оны «Рухани жаңғыру» бағдарламасына басшылық жасайтын республикалық кеңсе ұйымдастырған. Мұнда аты әлемге әйгілі отандық және шетелдік суретшілердің туындылары қойылады. Кез келген адам көрмеге кіріп, өнерпаздың қолынан шыққан суреттерді тамашалай алады. Тіпті ақысыз негізде ұйымдастырған шеберлік сыныптарына қатысып, ашық аспан астында әуен тыңдап тынығуына болады.

Заманауи өнер көрмесінің жас қала Астанада ұйымдастырылуы заңдылық. Алғаш рет өткелі отырған фестивальде отандық және шетелдік 40-тан астам суретшінің туындылары таныстырылады.

Мэттью Литт, суретші (Бельгия)

– Бұл жобаны Орталық Азияда түсіргенмін. Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан елдері қамтылған. Жалпы кең дала, тыныштық пен пейзаж жаныма жақын. Оның үстіне осы өңірдің халқы да ерекше ұнайды. Сондықтан бұл сезімдеріммен бөліскенді жөн санадым.

Василий Кругляк, «GAS» шығармашылық тобының мүшесі (Украина)

– Қазақстан өнерге көңіл бөліп, керемет қолдау көрсетеді екен. Бұл суретшілермен жалпы шағармашыл адамдардың бір бірімен тәжірибе алмасуына мол мүмкіндік береді. Өнерде бірлесіп атқаратын болсаң, оның қадір-қасиетін терең түсіне бастайсың.

Васелий Кругляк фестивалға құр қол келмеген. Туындыларын Киевтен арнайы әкеліпті. Бір қарағанда жұмыс құралдары сынды. Ерекшелігі, бұлар темірден емес, гипстен жасалған. Олар ішкі әлемнің мықтылығын сипаттайды-мыс. Екінші жағынан заманауи өнердің алдамшы сиқырын көрсетеді.

Әсел Ахметжанова, Astana аrt show жетекшісі:

– Тақырыпты таңдаған кезде оның ауқымын барынша кең етуге тырыстық. Мұнда жеке суретшінің өнер туындылары ғана емес6 соны салудағы сезімі6 сондай-ақ өнерпаздың әлемді толғандырған тақырыптарға қатысты көзқарастары тыңдалады.

TSE art destination галереясының жанындағы «Метоморфоздың» ашылу салтанаты австралиялық виолончелист Бенджамин Скеппердің өнерімен басталады. Көрме қазан айының соңына дейін жалғасады. Осы аралықта көрме қонақтар үшін суретшілер тегін шеберлік сыныптарын өткізсе, тарихшылар мен философтар лекция оқиды.

Хабар 24 телеарнасы