«Хабар» арнасында «Хит жазамыз» бағдарламасы экранға шығады

«Хабар» арнасында «Хит жазамыз» бағдарламасы экранға шығады

«Хабар» арнасында тағы бір тұсаукесер.

Құрамына ақын, сазгер мен ән өңдеуші кірген шығармашылық топ «Хит жазамыз» бағдарламасында бақ сынайды. Жоба барысында қазылар алқасы арнайы тақырып береді. Сол бойынша 45 минуттың ішінде шығармашылық топ ән жазып шығуы тиіс. Жобаға жаңа туындыны орындау үшін танымал әншілер қатысады. Келесі айналымға өтетін қатысушыны қазылар алқасы таңдайды. Шығармашылық топ ән жазып жатқанда, бағдарлама жүргізушілері Төреғали Төреәлі мен Ғазиз Ерболат әншілерге тарих пен мәдениет тақырыбында сұрақ қойып, білімдерін тексереді. Бағдарламаның алғашқы саны бүгін кешкі 19:45-те «Хабар» телеарнасында көрсетіледі.

Салтанат Аякенова, жобаның бас продюсері:

- Мүмкіндігінше біз осы көрерменге жақсы мәтіні бар, жақсы әнімен жазылатын ән сыйлауға мүмкіндігінше атсалыстық деп ойлаймын осы бағдарлама арқылы. Бас жүлдеміз жеңген адамға бейнебаян түсіріп береміз. Сол біздің бағдарламада жазған әні үшін. Сол әнді орындай отырып, біз бейнебаян түсіріп береміз. Және де екінші орынға Дубайға билет береміз.