Қазақтың «Тақиялы періштесі» дүниеден өтті

Қазақтың «Тақиялы періштесі» дүниеден өтті

Қалың қазаққа Тайлақ болып танылған Әбілғазы Райымбеков 85 жасында дүниеден озды.

Марқұм көзі тірісінде 17 фильмге түскен екен. Ең алғаш «Қилы кезеңде» рөл сомдаған. Сосын Шәкен Аймановтың «Тақиялы періштесіне» шақырту алды. Кейін «Көгілдір такси», «Қан мен тер» сынды туындыларда төбе көрсетті.

Әбілғазы Райымбеков – Қазақстанның мәдениет қайраткері, Алматы облысының құрметті азаматы. Кейбір деректе ақсақал коронавирустан қайтты деп жатыр. Марқұмды өзі туған Мәмбет ауылына жерлемек.