Киевте Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған басқосу ұйымдастырылды

Киевте Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған басқосу ұйымдастырылды

Қазақ халқының ірі айтыскер ақыны, жыршы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған басқосу Киевте ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Достық» деп аталатын қазақ қауымдастығының өкілдері Украина тұрғындарын жыршы шығармаларымен таныстырып, ақын жырларынан үзінді оқып берді. Басқосу Киевтегі Жамбыл Жабаев атындағы кітапханада ұйымдастырылды.

Атап өту керек, ақын атымен аталған кітап қоймасы алпыс жыл бойы қызмет көрсетіп келеді. Кітапхана үнемі қазақ авторларының еңбектерімен толығып отырады. Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған басқосуда қазақ диаспорасының өкілдері мен кітапхана оқырмандары ақын жырларын оқып, оның шығармаларымен жақыннан танысты.

Гүлнәз Раш, Украинадағы қазақ диаспорасының өкілі:

- Біз бүгін Жамбыл Жабаев атындағы кітапханада жиналдық. «Достық» қауымдастығының өкілдері мен осы жақта, Киевте тұрып жатқан қазақтармен кездестік. Осы кітапхана оқырмандарына біз Жамбыл Жабаевтың өмірбаяны туралы айтып бердік, орыс, қазақ және украинша өлеңдерін, шығармаларын оқып бердік. Украин тұрғындары бізден сұрақтарын қойды, біз оған жауап бердік Жамбыл Жабаевтың өмірі туралы. Қазақ пен Украина арасындағы достық туралы да әңгімелестік. Пандемия болған соң адам көп емес.