«Қазақконцерт» ұжымы балаларға арнап қайырымдылық шара ұйымдастырды

Балаларға арналған тосынсый. Бүгін «Қазақконцерт» ұйымы балалар үйінің тәрбиеленушілерін, аз қамтылған және көп балалы отбасылардағы бүлдіршіндерді шақырып, «#Келкөрісейік» атты мерекелік қайырымдылық шара ұйымдастырды. 

Елорданың түрлі шығармашылық тобы 70-тен астам жасөспірім үшін өнер көрсетіп, құттықтау лебіздерін жеткізді. Балаларға тәтті сыйлықтар табысталып, дастарқан жайылды. Кейін олар спектакль мен мультфильм қарап, демалуға мүмкіндік алды.

Жеңіс Сейдоллаұлы, «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры:

- 70 шақты балаға бүгін өз сыйлықтарымызды беріп, тәтті дәстүрлі сыйлықтарымыз бар. Концертымыз бар. Жас бүлдіршіндеріміздің есінде қалатындай мереке жасап жатырмыз.

Ақтоты райымқұлова, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

- Біз де бүгін бүкіл қазақстандықтар болып, бір-бірімізге сәлемімізді беріп, үлкендерден бата сұрап, жастарымызға ата дәстүрімізден ежелден келе жатқан осындай мейрамды көрсетіп жатырмыз. Ең алдымен 1 жылдарыңыз құтты болсын дегім келеді. Дүние жүзіндегі өршіген індеттен өтейік.