Шәкәрім туралы кітап украин тіліне аударылды

Шәкәрім туралы кітап украин тіліне аударылды

Киевте «Шәкәрім» деп аталатын еңбектің украин тіліндегі нұсқасы таныстырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кітап авторы – тарих ғылымдарының докторы Ерлан Сыдықов. Тұсаукесер сондай-ақ ұлы қазақ ақыны, ойшыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған. Бүгінгі таңда бұл туынды қазақ, орыс, түрік, ағылшын, қытай тілдерінде шығарылып, Ресейде, Түркияда, Англияда және Қытайда тұсаукесері өткізілген. Еңбекте Шәкәрім Құдайбердіұлының тарихи, публицистикалық, философиялық еңбектеріне ғылыми көзқарас пен азаматтық ұстаным тұрғысынан талдау жасалған.

Ерлан Сыдықов, кітап авторы, тарих ғылымдарының докторы:

– Бұл кітаптың украин тіліне аударуына осындағы ғалымдар өздері себепші болды. Өздері сұрап, әдемі аударды. Міне, бүгін соның сәті келіп, Киевтегі Тарас Шевченко атындағы Ұлттық университте таныстырылымы өткізіліп жатыр. Сонымен қатар Львов қаласындағы үлкен университетте де үлкен таныстырылымы өтеді. Бұл жаңағы Абай академиясының миссиясына сәйкес келеді. Әртүрлі халықтың тілдеріне аударып, Абайды және Абайдың төңірегін насихаттау.