Оралда «Жайық» халықаралық фильмдер фестивалі басталды

Оралда «Жайық» халықаралық фильмдер фестивалі басталды

Оралда «Жайық» халықаралық қысқаметражды және деректі фильмдер фестивалі басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қала күні мерекесіне арналған өнер байқауына Қазақстан, Өзбекстан, Беларусь, Украина, Франция және басқа да елдерден 100 шақты өтінім келіп түскен. Олардың қатарында жас режиссерлердің де туындылары бар. Көрермен назарына 30 картина ұсынылды. Фестиваль аясында Меруерт Өтекешова, Талғат Тайшанов бастаған кино майталмандары ашық сұхбат алаңында ой бөлісті. Сонымен қатар жастарға арнайы шеберлік сағаттарын да өткізді.

Меруерт Өтекешова, кино және театр актрисасы:

- Ойламаған жерден мен де оған таңғалдым. Осы Оралда жақсы жастарға, халыққа арналған үлкен кәдімгі фестиваль. Неге үлкен дейміз? Осы жіберген кинолар, деректі болсын, жастардың қойған кинолары болсын, жан-жақтан жіберді. Ол біз үшін үлкен қуаныш.

Талғат Тайшанов, режиссер:

- Беташар фильмі осы фестивальдің – «Барымташылары». «Уақыт жолында». Премьера дәстүр бойынша Нұрұлтан қаласында, не болмаса Алматы қаласында өтетін. Бүгін осы фильмнің тұсаукесері осында өтіп отыр. Мен үшін бұл үлкен мәртебе.