Димаш Құдайберген Азияның сымбатты 100 жігіті рейтингінде әлі көш бастап келеді

Димаш Құдайберген Азияның сымбатты 100 жігіті рейтингінде әлі көш бастап келеді

Әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген «King Choice» рейтингінде (Азиядағы ең сымбатты өнерлі 100 жігіт) әлі көш бастап келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Kingchoice.me сайтында жүргізіліп жатқан дауыс беру 30 қыркүйек күні аяқталады.

Ал бүгінгі деректерге сәйкес, жанкүйерлерінің 7 млн 798 мың дауысын жинаған Димаш Құдайберген бірінші орында тұр. Ал екінші орындағы Оңтүстік Кореяның BTS тобының солисі Ким Сокджин (Kim Seokjin) 7 млн 371 мың дауыс жинаған.

Үздік үштіктің қатарында тағы бір корейлік өнер иесі бар. Актер Ча Ынудың 1 млн 350 мың дауысы бар.