Құсбегілік – атадан балаға жеткен бекзада өнер

Алайда елімізде оны дамыта алмай отырған өңірлер бар. Сондықтан бұл аймақтарда құсбегілер мектебін ашу қажет. Құсбегілік федерациясының Президенті Берік Уәли осылай дейді.

Айнұр Қуатқызы, тілші:

- Саятшылық қазақтың атадан қалған дәстүрі. Ал бүркітті қолға қондыру үлкен өнер. Қане, біз де байқап көрейік!

Құсбегілер мұны еркін ұшыру немесе қолға қондыру дейді. Ал, кәнігі саятшылар шырға тартып, аңға салады. Бүркітшіліктің өзіндік тәлім-тәрбиесі бар. Атадан балаға қастерлі қалпымен жалғасатын ерекше өнер. Еліміздің әр өңірінде баба мұ­раны қастерлеп, кейінгі ұрпаққа үйрету бағытында еңбектеніп жүргендер жоқ емес. Солардың бірі – Серікбек Күнтуғанұлы. Ол құсбегілер әулетінің жалғасы. Қазір балаларын осы бекзада өнерге баулып жүр. Әкесі Күнтуған Тоқтыбайұлынан қалған қырандардың бабын тауып, бәйгеге қосып келеді.

Серікбек Күнтуғанұлы, құсбегі:

- Бүркітшілік біз үшін Атадан әкеге, әкеден балаға мирас болып келе жатқан өнер. Әкемнің Ақбалағымен менде қазір 4 бүркіт отыр. Бұрынғыдай емес, бүркітке көңіл бөліп жатыр. Облыстарда  клубтар ашылып, жаттықтырушылар бар.

Иә, Тәуелсіздік алғалы құсбегіліктің тамырына қан жүгіргені рас. Сала мамандары ілгерлеу болғанымен, бұл өнердің әлі де кенжелеп қалған тұстары бар,-дейді. Қордаланған мәселе де жоқ емес. Кәсіби саятшылықты сақтап қалу үшін, бүркітшілік туралы әдістемелік оқулық дайындау қажет. Тіпті, құсбегілер сайысында бегзада өнерге төрешілік етіп жүргендерге арнай куәлік те берілмейді. Алыстан ат арытып келген бүркітшілерге берілетін жүлде қоры да мардымсыз.

Бекболат Тілеуханов, Қазақстан ұлттық спорт қауымдастығының президенті:

- Мына қолбала құстарды дайындау кезінде құсбегілердің алдымызға қойып отырған мәселе көп. Сосын қазақ күресі, жамбы ату неге бұдан да дамып кетті. Себебі бұл жерде жүлде қоры көп. 03,08 Насихат, жарнама дегендерді қазір осы құсбегілік өнерге де енгізбекшіміз. 

Тағы бір мәселе, елімізде бүркітті пойызбен тасымалдауға рұқсат жоқ. Бұл атадан қалған дәстүрді дәріптеуге кедергі болып отыр. Өңірлерде өтетін саятшылар жарысына әркім өз көлігімен, жол азабын тартып әрең жетеді. Жақында ғана  еліміздегі құсбегілік федерациясының президенті қызметіне кіріскен Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы  Берік Уәли бұл мәселелерді уақыт ұттырмай шешетінін жеткізді.

Берік Уәли, Құсбегілік федерациясының президенті:

- Бүркітшілердің үнемі қозғап жүрген мәселесі, ол бүркіттерін жарыстарға барар кезде пойызбен тасмалдауы күрделі болып отыр. Теміржолмен барады. Купеде алып жүрген кезде жолсеріктер ережеде жоқ деп түсіріп тастайды екен. Олардың ережесі бойынша бүркітті торға сап жүру керек екен. Ал, бүркітті торға салса, ол ұша алмай қалады. Былайша айтқанда томаға, балдағымен торсыз-ақ алып жүруге ыңғайлы. Бұл мәселе шешіледі деп ойлаймын. 

Ал күллі Қазақстан бойынша бар-жоғы 100-ге жуық бүркітші бар. Оның тең жартысы ғана қыранын құсбегілер додасына баптап әкеледі. Себеп көп. Қыран жыртқыш құс болғандықтан күніне кем дегенде екі келі ет жейді. Ал, пойызда торға салатын тотықұс емес, қанаты сынса, жарысқа қатыспақ түгілі ұшуы мұң болады. Атадан қалған ұлттық спорттың бұл түрін енді құсбегілер федерациясы қырандай қалықтатады деген үміт басым.

Айнұр Қуатқызы, Ербол Дайыров