Қазақтың бас ақынының көне кітабы жаңартылды

Қазақтың бас ақынының көне кітабы жаңартылды

Абай Құнанбайұлының өлеңдері жинақталған көне кітап қайтадан басылып шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

1909 жылы Әлихан Бөкейханның қолдауымен Санкт-Петербургтегі баспадан шыққан еңбекті «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының» мамандары реставрациядан өткізген. Құнды дүниені орталық өкілдері бүгін Семейдегі Абай қорық-музейінің басшылығына табыстады. 120 беттен тұратын кітапта бас ақынның 100-ден аса өлеңі бар. Өткен ғасырдың қудалау, тінтуінде ақынның ұрпақтары мен жанашырлары мұндай құнды дүниелерді тау-тасқа тығып, сақтаған. Сондықтан ескірген.