Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы Түркияда тойланып жатыр 

Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы Түркияда тойланып жатыр 

Түркия жеріндегі тәуелсіздік мерекесі аясында «Қожа Ахмет Яссауи жолы мен Нұрсұлтан Назарбаев» атты конференция өтті, деп хабарлайды Хабар 24.

Конференция ішкі Анадолыда орналасқан Токат қаласында өтті. Оған провинцияның губернаторы, шаһар кеңесі мүшелері мен тұрғындары қатысты. Жиында «Диуани-Хикмет» шығармасы мен Яссауидің еңбектері талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдік бастамалары, соның ішінде түркі дүниесі интеграциясы да шараға арқау болды. Конференция барысында  «Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы» атты шығарма жарысында жүздек жүйрік шыққан жастар марапатталды.  

Озан Балжы, Токат губернаторы:

– Қазақстанның тәуелсіздігі – бүкіл түркі жұрты үшін маңызды. Өйткені атажұртымыз сонда. Еуразияның жарқыраған жұлдызы – Қазақстанның қуаты, біздің қуатымыз. Азаттығы – біздің азаттығымыз. Әрқашан да солай болсын! Екі ел арасында барлық салада ынтымақтастығымыз артып, қазақ-түрік қатынастары төрткүл дүниеге үлгі болсын.