Маңғыстау облысында «Балықшылар» саябағы ашылды

Маңғыстау облысында «Балықшылар» саябағы ашылды
inform.kz

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай өңірде «Балықшылар» демалыс орны пайдалануға берілді, деп хабарлайды Хабар 24. ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Саябақ Маңғыстау облысының Түпқараған ауданы Баутин ауылына қарасты Аташ елді мекенінде ашылған.

Түпқараған ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жоба ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жүзеге асырылған. Жалпы аумағы 2400 шаршы метр болатын саябақта кіреберіс арка, спорт алаңы, балалар ойын алаңы, автотұрақ пен шатырлы орындықтар бар. Демалыс орнының қақ ортасында биіктігі 3,80 метр болатын «Балықшылар» ескерткіші орнатылған. Мүсіннің авторы – маңғыстаулық көлөнер шебері Болатбек Салаев.

Айта кетейік, ескерткіш демеушілердің қаражаты есебінен тұрғызылған.