Түрік тілінде қазақ әдебиетінің маңызды шығармасы жарық көрді

Түрік тілінде қазақ әдебиетінің маңызды шығармасы жарық көрді

«Қазіргі қазақ поэзиясының антологиясы». Осындай атаумен Түркияда түрік тілінде қазақ әдебиетінің маңызды шығармасы жарық көрді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстанның Түркиядағы елшілігі мен Еуразия жазушылар одағының ұйытқысымен өткен шара халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының штаб-пәтерінде ұйымдастырылды. Оған түріктің қоғамдық қайраткерлері, көрнекті өкілдері мен Қазақстаннан келген қонақтар қатысты. Жаңа кітап арқылы түрік оқырмандары Тәуелсіз Қазақстанды жақыннан таниды деген Якуп Өмероғлұ туындының 30 жылдық қарсаңында жарық көргеніне дән риза. Шара соңында елімізден келген өнерпаздар сахна алып, түрік көрерменіне көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Якуп Өмероғлұ, Еуразия жазушылар одағы төрағасы:

- Жаңа қазақ өлеңі мазмұнымен де, эстетикасымен де шынымен де тәуелсіздіктің өлеңі. Қазақтың жаңа дәуірінің өлеңі. Мен барлық ақынды құттықтаймын. Қазақстанның тәуелсіздігінің 30 жылдығы құтты болсын.