Қазақстандық «Мыстан» сериалы Webfest Berlin фестивалінде үздік драма атанды

Қазақстандық «Мыстан» сериалы Webfest Berlin фестивалінде үздік драма атанды
Tengrinews.kz

Қазақстандық «Мыстан» атты сериал Webfest Berlin кинофестивалінде топ жарды.

Бұл туралы Salem Social Media компаниясы шығарған «Мыстан» телехикаясының атқарушы продюсері Анна Дармодехина хабарлады.

«Біздің туынды үшінші фестивальде де жеңіске жетті. «Мыстан» телесериалы Webfest Berlin фестивалінде «Үздік драма» аталымын жеңіп алды» деп жазды ол Facebook парақшасында.