Петропавл тұрғыны табиғи тастар коллекциясын жинаған

Петропал қаласының тұрғыны табиғи тастардың теңдессіз коллекциясын жинаған. Қазір Лидия Крохинаның қолында 150 – ден аса минерал түрі бар. Зейнеткер соңғы жылдары оларды өңдеп, түрлі кәдесыйлар жасауға да ден қойған.

Лидия Крохинаның коллекциясында алуан түрлі табиғи тастар бар. Қиыр Шығыстың маржаны, тау хрусталі, өзен інжуі тағысын тағы. Зейнеткер оларды осыдан 12 жыл бұрын жинай бастаған.

Лидия Крохина, коллекционер: 

- Мен өзімді, кішкене болсын, жұртқа тас әлемін танытып жүрген жандардың бірімін деп санаймын. Бұған ересектер де, балалар да қызығады. Әсіресе кішкентай балалардың көзі жанып, жаныма жүгіріп келеді. Оларға тастарды тегін таратып беремін. 

Тасқа деген шексіз махаббат оны алыс сапарларға жетеледі. 70 жастағы қала тұрғыны оларды жинау үшін жарты Қазақстанды шарлап шыққан. Кейбір минералдар сирек кездеседі.

«Қазір жол жүруге жоқпын. Сондықтан тастардан түйін түюге көштім», - дейді коллекционер.

Лидия Крохина, коллекционер:

- Мына бір тасты Екатеринбург қаласына барып көрмеден сатып алдым. Содан қорап та жатқан. Өзі өте әдемі. Осы жазда олардан осындай мойынға тағатын әшекей бұйымдарын жасай бастадым. Бұл менің жаңа ермегім.

Лидия Крохина оларды жинап ғана қоймай, әрқайсын зерттеп зерделейді.

«Әр тастың өз құпия сыры бар», - дейді зейнеткер.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев