Қарағандыда «Сарыарқаның жаңа есімдері» облыстық онлайн-байқау өтті

Қарағандыда «Сарыарқаның жаңа есімдері» облыстық онлайн-байқау өтті
inform.kz

Байқау барысында өңірдің үздік әуесқой композиторлар анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Байқауға 28 талантты композитор қатысты. Онлайн-байқаудың қорытындысында қарағандылық Дәуренбек Аркенов гран-при иегері атанды. Әуесқой композитордың мұндай байқауға алғашқы қатысуы. Бүгінге дейін он шақты ән жазған. Оның ішінде байқауға «Арқаның алтын аймағы» әні бар. Сөзін жергілікті ақын Қойлыбай Асанов жазған. Гран-при иегерінің айтуынша, туған өлкесі Қарағанды облысы туралы ән жазуды бұрыннан ойлап жүрген. Әннің сөздерінде туып-өскен жерінің атаулары және көрнекті жерлестердің есімдері бар. Тыңдаған жанды шабыттандыратын патриоттық әнді Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің, ақтоғайлық «Тоқырауын толқыны» ансамблінің әншілері үлкен сахналарда орындайды.