Елордада балалар мен жеткіншектердің театр ұжымдары бас қосты

Елордада балалар мен жеткіншектердің театр ұжымдары бас қосты

Елордада Қазақстан өңірлері мен Бішкек қаласынан келген балалар мен жеткіншектердің театр ұжымдары бас қосты, деп хабарлайды «Хабар 24».

8-бен 23 жас аралығындағы 300-ден астам жас өрен тәжірибелі актерлардың дәрісін тыңдап қана қоймай, фестиваль аясында өнер көрсетті. Топ арасынан Алматы мен Теміртау қалаларынан келген театр ұжымдары ерекше көзге түсіп, көрермен көңілінен шыға білді. Жас ерекшелігі бойынша өзара үздіктер де марапатталды. Бастысы, жүрегі театр деп соққан жас өрендердің шеберлігін шыңдап, талпынысына қолдау білдіру қажет дейді ұйымдастырушылар.

Ерлан Кәрібаев, актер, режиссер:

– Жас балалардың, әсіресе, сол өнерде жүрген жас жеткіншектердің өзге адамның өнерін көріп отырып, өздерінің бойындағы таланты мен істеген жұмыстарын салыстыра отырып, олар тағы да бір саты жоғары өсетіні сөзсіз. Сондықтан да бұл фестивальдер болу керек. Қырғызстан елінің халық әртісі отыр қазылар алқасы ішінде, Санкт-Петербургтан келген театр педагогы отыр, театр әлемінде өзінің салмақтары бар адамдар отыр. Сондықтан да бұл фестиваль деңгейі де өте жоғары.

Әлібек Исаұлы, қатысушы:

– Қарсыластар мықты болды, жан-жақтан келді, Жүргеновтен келді, РЦК-дан келді, мықты болды қарсыластар. Мен 17-18 жас аралығында өлең, көркем сөз оқуға қатыстым. Бұйырса болашақта театрда істеймін деген ойым бар.