Grammy иегері Иманбек шетелде 24 концерт беруді жоспарлап отыр

Grammy иегері Иманбек шетелде 24 концерт беруді жоспарлап отыр
Қазақпарат

Сондай-ақ ол жаңа туындысын көпшілікке ұсынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Grammy сыйлығының иегері Иманбек Зейкенов америкалық әнші Salem Ilese-мен бірігіп жазған жаңа композицияны көпшілікке таныстырды. Бұл туралы музыканттың өзі Instagram желісіндегі парақшасында ақпарат таратты.

Жаңа туындының атауы – «Married to your melody». Тректі бүкіл музыкалық алаңдардан тыңдауға болады. Жуықта ғана Иманбек АҚШ пен Еуропада жеке тур өткізетінін мәлімдеген болатын. Ол тур 8 сәуірде Нью-Йоркте басталып, 25 қыркүйекке дейін жалғасады. Барлығы 24 концерт беру жоспарланып отыр. Тур барысында Иманбек Канада, Швеция, Норвегия, Италия, АҚШ, Германия және Латын Америкасы елдерінде концерт бермек.