Елордада Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына арналған концерт өтті

Елордада Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына арналған концерт өтті

«Менің елім!» деп аталған концертте Роза Рымбаева, Ұлықпан Жолдасов, «Жігіттер» тобы, Айқын, Қуандық Рақым сынды сахна саңлақтары ашық аспан астында өнер көрсетті. «Amanat» партиясы ұйымдастырған мәдени шараны жұрт тегін тамашалады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айнұр Қуатқызы, тілші:

– Күн райының бұзылып тұрғанына қарамастан, концертке жиналған жұрттың қарасы қалың. Рәміздердің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған шараға, қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары әсем ән мен тәтті күй тарту етті. Осылайша бүгін елорда аспаны ән салып тұрғандай күйде.

Мемлекеттік нышандар – халқымыздың мұқалмас рухын, егемендігі мен еліміздің жарқын болашағын айшықтайтын құндылықтар. Сондықтан қазақ әншілері бұл жолы патриоттық әндер легін шырқады.

Нұржан Жетпісбаев, Amanat партиясы жастар қанатының төрағасы:

– «Менің елім!» деген біздің ең басты құндылықтарымыздың бірі сакральді ұғым. Мемлекеттік рәміздерге деген құрметіміз, міне, жұртшылық ауа айына қарамастан келіп жатыр. Еліміз, әнұранымыз, Туымыз өзіміздікі. Сондықтан осындай шарада өзімізге қасиетті ұғымдарды қастерлеп, биіктететін боламыз.

Мерекелік концертте елімізге танымал сахна саңлақтары өнер көрсетті. Сондай-ақ жас әншілер де кештің көркін кіргізді. Әсем музыкалық шара ашық аспан астында өткендіктен көрерменнің де ықыласы ерекше болды.

Өте тамаша, жұмыстан шығып демалайын деп келдік.

Мына ұлтымызды ұмытпайтын осындай рәміздерге осындай жақсы бір игі шара. Тамаша бір игі шараға қуанып бәріміз жанұямызбен келіп, осындай жақсылықты бөлісіп тұрмыз. Әр уақытта еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, жарқырап жайнап осындай жақсылықтарда бола берейік.

Өте жақсы жұмыстан жаңа ғана келіп, прям жақсы демалатындай күн болып тұр.

Отан, атамекен, туған елге деген сүйіспеншілік көрермен жүрегіне ән болып қонды. 

Айнұр Қуатқызы Ербол Дайыров