А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына дайындық қызу жүріп жатыр

Қазақтың ағартушы ғалымы, ақын, көрнекті қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына дайындық қызу.

Алматыда ғалымға ескерткіш орнату жоспарланған. Шығармаларының 12 томдық жинағы басылымға дайын. ЮНЕСКО штаб-пәтерінде және ТҮРКСОЙ аясында іс-шараларды өткізу кестесі белгіленді. Дайындық жұмыстарын пысықтау мақсатында бүгін мемлекеттік комиссияның отырысы өтті.

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ахмет Байтұрсынұлының мұрасын насихаттауға бағытталған халықаралық, республикалық, өңірлік іс-шараларды жыл соңына дейін жоғары деңгейде өткізу қажеттігін айтты.