Президент Республика күніне арналған концертке қатысты

«Астана опера» театрында ұлық мерекеге орай салтанатты концерт өтті. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысқан мәдени іс-шарада отандық эстрада жұлдыздары, сондай-ақ жас, жұмысын жаңадан бастаған ансамбльдер де өнер көрсетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал көрермендер арасында мәдениет және қоғам қайраткерлері, спорт майталмандары мен елдің әр өңірінен келген түрлі сала мамандары бар. Естеріңізге сала кетейік, отандастарымыз Республикасы күніне орай 3 күн демалады. Бұл күндері әр өңірде түрлі іс-шаралар өтеді.

Елдос Сметов, дзюдодан екі дүркін олимпиада жүлдегері:

– Еліміздің атын шығаратын, қай салада болсын ол тек қана спортта емес, барлық саладан үлкен жетістікке жететін жастарымыз – ізбасарларымыз, замандстарымыздың шыға беруіне шын жүректен тілектеспін. Біз сияқты жастар еліміз үшін адал қызмет етуге ешқашан шаршамау керек.

Нұрғиса Дәуешев, ҚР мәдениет және спорт вице-министрі:

– Басты концерт болғандықтан басым бағытты жаңа туындыларға бөліп жатырмыз. Колобрация дейді ғой өнердің бұрынғы корифейлерімен бірге жастар да шығармашылығы қамтылған. Мүмкіндігі шектеулі жандардың да билері көрсетіледі. «Абай жаны» деген шығармамен қолдап отырмыз.