Астанадағы Орталық Азиядағы тұңғыш инклюзивті театр кезекті қойылымын көрсетті

Астанадағы Орталық Азиядағы тұңғыш инклюзивті театр кезекті қойылымын көрсетті

Бұл тұсаукесер шара Біріккен Ұлттар Ұйымы күні аясында ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Қызжылаған» қойылымы Роза Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» пьесасы негізінде сахналанды. Бұл Семей ядролық полигонынан мүгедек болып, өспей қалған қыздың өмірі жайында. Автор кейіпкердің тағдыры арқылы қазақтың басындағы қасіретті бейнелейді. Сахналық қойылым – ядролық сынақ полигонының салдары, одан бөлек адам мен табиғаттың өзара үйлесімдігін көрсетеді. Шығарманы бастан-аяқ «Қанаттылар» инклюзивті театрының өнерпаздары қойып шықты.

Роза Мұқанова, шығарма авторы:

- Бұл театрдың ерекшелігі актерлардың мүмкіндігі шектеулі болғанымен олар ол мүмкіндікті шектеусіз етіп өздерінің өнерге деген махаббатын, театрға деген махаббатын, өздерінің актерлік шеберліктерін көрдім мен.

Микаэла Фриберг-Стори, Қазақстандағы БҰҰ тұрақты үйлестірушісі:

- Біріккен Ұлттар Ұйымы - бұл «Ешкімді де назардан тыс қалмайды» принципімен  әлемдегі тұрақты дамуды насихаттайтын ұйым. Сондықтан біз бүгін инклюзия мәселесіне ерекше ден қойып, назар аударуды жөн көрдік. Біз іс-шараны  осындай зәулім театрда ұйымдастырылғанына қуанып тұрмыз. Қазақстан бұл ашық қоғам. Бүгінде тұрақты даму бағытында үлкен ілгерілуешілік бар екендігін уақыт көрсетіп отыр.