Алматыда әйгілі күйші Қали Жантілеуовтың 120 жылдығына арналған кеш өтті

Алматыда әйгілі күйші, Қали Жантілеуовтың 120 жылдығына арналған «Жігер» күй кеші өтті.

Құрманғазы оркестрінің өнердегі сара жолын салып берген даңқты күйшінің кешінде шәкірттері және Қали Жантілеуов атындағы биылғы конкурстың бас жүлдегері, Наурызбек Кузанбаев өнер көрсетті.Қазақстанның халық артисі  Қали Жантілеуов 1934 жылы Алматыда өткен тұңғыш республикалық өнер байқауында бас бәйгені жеңіп алды. Кейіннен академик Ахмет Жұбановтың ықпалымен, өнер ансамбліне қабылданды. Кейін бұл өнер ұжымы Құрманғазы атындағы оркестріне айналғанда, отыз жыл бойы бас концертмейстер қызметін атқарды.

Медет Қуанышев, Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық оркестрінің директоры:

- Құрманғазы оркестрі неге қатысты  дейтін болсақ, осы бірінші 11 адамнан құралған оркестрде Қали атамыз домбырашы болып келді осы жерге. Содан бері қарай міне 30 жыл қызмет еткен Құрманғазы оркестрінде. Және  бас концертмейстр қызметін атқарған. Сондықтан биыл осы Қали атамыздың 120 жылдығына арналған кешті Құрманғазы оркестірінің сүймелдеуімен, Құрманғазы оркестрінің залында өткізуді жөн көрдік. 

Шәміл Әбілтаев, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, шәкірті:

- Ахмет Байтұрсынұлын біз ұлт ұстазы деп дәріптейміз ал Қали Жантілеуовты қазақ күйінің ұстазы деуге болады. Себебі бұл кісіден дәріс алған шәкірттер қазір  кеңбайтақ Қазақстанның түкпір-түкпірінде. Саусақпен санамайтындай, тіпті армияға айналды. Ал солардың ішіндегі бір марқасқалары бар. Ол біздің дирижерларымыз Қуат Мансұров, Шамғон Қажығалиев, Нұрғиса Тілендиев өздері Қалидың шәкіртіміз деп мақтанады екен.