Астанада «Ұлттық құндылықтар – ұлт қазынасы» тақырыбында рухани-танымдық кеш өтті

Астанада «Ұлттық құндылықтар – ұлт қазынасы» тақырыбында рухани-танымдық кеш өтті

Мемлекеттік басқару академиясы және «Тілдік құзыреттілікті дамыту» бөлімінің ұйымдастыруымен «Ұлттық құндылықтар – ұлт қазынасы» тақырыбында рухани-танымдық кеш өтті.

Шара аясында арнайы көрме де ұйымдастырылды. Онда түрлі оюлармен әрленген қазақтың ұлттық киімдері мен ою-өрнегі көпшілік назарына ұсынылды. Асық ату спортының майталмандары да өз өнерлерін ортаға салды. Құндылықтар ұлықталған шараға арнайы келген қонақтар аталмыш кешке оң бағасын берді. Айта кету керек, қазіргі таңда Мемлекеттік басқару академиясында 120 магистрант пен 12 докторант білім алуда. Олар ел мүддесін қорғап, халық игілігіне қызмет етуге ниетті.

Асхат Маемиров, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері:

- Кез келген ұлттың болмысын танытатын ол өнері, мәдениеті, руханияты ғой. Сондықтан қазіргі қоғамда ұлттық руханияттар салтанат құратын болса, меніңше, мемлекеттің де келешегі бар, еліміздің де келешегі кемел деп есептейміз. Шараның басты мақсаты да – осы.