Алматыда «Күту парағы» деректі фильмінің арнайы көрсетілімі өтті

Алматыда «Күту парағы» деректі фильмінің арнайы көрсетілімі өтті

Алматыда «Күту парағы» атты деректі фильмнің арнайы көрсетілімі өтті.

Еліміздегі трансПЛАНтология мәселесіне арналған фильмде ағза алмастыру операциясын бірнеше жыл бойы күтіп жүрген қазақстандықтардың жағдайы баяндалады. «Фильмнің мақсаты бақилық болған азаматтардың донор болу мәселесін жан жақты қарастыру», - дейді авторлар. Картинада операцияны күтіп жүрген азаматтармен бірге, донордың жүрегімен өмірін ұзартқан кейіпкер де бар. 2021-2022 жылдары Қазақстанда қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім берген 8 адамның ағзасы алынды.  Олар 25 адамның өмірін ұзартуға мүмкіндік берді. Қазір елімізде ағза алмастыруды қажет ететін 3532 науқас кезекте тұр. Оның – 67-сі балалар. Соңғы екі жылда донор ағзасын күткен 558 пациент көз жұмған. Деректі фильмді youtube желісінен көруге болады.

Әлия Сандыбай, "Күту парағы" фильмінің продюсері:

- Лекция оқыр алдында сауалнама беріп, донорлыққа деген көзқарасын танытуды сұрап едік. Содан кейін 40 минуттық лекцияны дәрігер оқып болғаннан кейін қайтадан бір сауалнама жасадық, сонда бір сағаттың ішінде алынған ақпаратқа сүйене отырып адамдардың көзқарасы қалай өзгеретінін көрдік. Донорлық мәселесі туралы көбірек айту керек екеннін аңғардық.