Қазақтың «Ақын» фильмі Францияда прокатқа шықты

Қазақтың «Ақын» фильмі Францияда прокатқа шықты.

Дәрежан Өмірбаевтың туындысы алғаш рет қазақстандық көрерменге ұсынылған, енді онымен еуропалық киносүйер қауым танысатын болады. Кинозалдарда қазақ тілінде субтитр сүйемелдеуімен өмір мен поэзияның мәнін іздеу туралы фильм көрсетіледі.  Францияның бұқаралық ақпарат құралдары,,,"Ақынды" аптаның тағы бір танымал премьерасы Аватармен салыстырады. «Ақын» «Қазақфильм» киностудиясы мен Ұлттық кинематографияны қолдау мемлекеттік орталығының қатысуымен түсірілген.  Француз прокатынан кейін фильм Португалия кинотеатрларында көрсетіледі.

Луис-Антуан Джонатин, ALFAMA FILMS компаниясының өкілі:

- Дәрежан Өмірбаев – Францияға көшіп келген режиссер. Ол мұнда алты фильмін көрсетті. Режиссердің жаңа туындысы да жақсы шыққан.