Арқарлыдағы петроглифтерге жойылу қаупі төніп тұрған жоқ

Арқарлы тауындағы петроглифтерге жойылу қауіпі төніп тұрған жоқ.

Жетісу облысының тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталығының директоры Ғалымжан Оспанов әлеуметтік желідегі бейнежазба қатысты осындай мәлімдеме жасады. Ол тастағы көне суреттер бес жыл бұрын белгілі болғанын айтты. Сол кезде Әлкей Марғұлан атындағы археология институтының ғалымдары аймаққа барып, тіркеу жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде 185 археологиялық ескерткіштің құжаттамасы жасалды. Әрі аумақ мемлекет қорғауына алынып 16 тақта орнатылған. Ал қиыршық тас шығаратын зауыт бір жыл бұрын өндірісін тоқтатыпты. 

Ғалымжан Оспанов, облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталықтың директоры:

- Петроглифтерге ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Біз барып қайтқан кезде бес жыл бұрын қалай тұрды солай тұр. Және де айта кететін болсақ, Арқарлы петроглифтер Кербұлақ ауданының әкімдігі мен біздің назарда. Ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.